13 мыңнан астам қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт болып саналады
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Жыл басынан бері 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған төлемді алуға барлығы 14 195 адам өтініш білдіргенін хабарлады.

Арнаулы әлеуметтік төлемге 2 көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 201 адам жүгінген, оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды.
Арнаулы әлеуметтік төлемді 4 көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 994 адам өтініш білдірген, оның ішінде 10 336-сына тағайындалған.
Сондай-ақ, 240 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр, 138 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 394 өтініш берушіге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылды.
Аймақтар бойынша 2 көзден арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 546 адам, 4 көзден – 1 926 адам), Қостанай (2 көзден – 343 адам, 4 көзден – 1 172 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 287 адам, 4 көзден – 1 204 адам) облыстарында тіркелген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт болып саналады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.
БЖЗҚ деректері бойынша 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Жаңалықтар
0