Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгереді

© Sputnik / Абзал КалиевЖеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгереді
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгереді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Жұмыс істемейтін “ИП” ұстап отырғандар үшін жаңа жеке кәсіпкер болып тіркелу процесі қиындай түспек
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Салық реформасы аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі қатаңдатылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкімет арнайы нормаларды әзірлеп қойды.
“Жеке кәсіпкер болып тіркелу процесі қиындай түседі. Бізде тиісті нормалар дайын тұр. Бұрын бұзушылық жасағандар, қосымша бірақ жұмыс істемейтін “ИП” ұстап отырғандар үшін жаңа жеке кәсіпкер болып тіркелу процесі қиындай түседі”, - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, үкімет қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 млн теңгеге дейін төмендетуге келісті.
Салық, үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге болады - үкімет
Жаңалықтар
0