Қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге болады - үкімет

© PhotoСалық, үй
Салық, үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Қосымша құн салығының шегі бойынша үкімет пен депутаттар "мәмілеге" келді
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қосылған құн салығы салынатын шекті 40 млн теңгеге дейін төмендету келісілді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.
Әуелі үкімет салық реформасы аясында қазіргі 78,6 миллион теңгенің шегін 15 миллионға дейін төмендетуді ұсынған. Бірақ мәжіліс депутаттары қосылған құн салығы бойынша шекті 40 млн теңгеге дейін төмендету қажет деп шықты. Үкімет осы ұсыныспен келісті.
"Біріншіден, қосылған құн салығы 16 процент болады. Екіншіден, қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді", - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы шараның кері жағы да бар. Атап айтқанда, 160 жаңа салық төлеуші тіркелмей қалады. Ал бюджетке 400 млрд теңгедей түспейді.
Бизнес-расчеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Қосылған құн салығына қатысты жаңа ұсыныстар жарияланды
Жаңалықтар
0