https://sputnik.kz/20250409/ush-auysymdy-mektep-sany-3-esege-azaydy-52328884.html
Үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды
Үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды
Sputnik Қазақстан
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T14:34+0500
2025-04-09T14:34+0500
2025-04-09T14:34+0500
мектеп
білім
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708687_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_fb950f88ec0c4a83f8456e8c34bdac41.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Әсіресе, 2023, 2024 жылдары құрылыс ерекше қарқынды болды. Бұл кезеңде 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынған.Бұл құрылыс жұмыстары елімізде 100-ге жуық үш ауысымды мектепті ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.Сонымен қатар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды, оның аясында тағы 28 білім ордасын салу жоспарлануда.Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту аясында жыл сайын 1000 ауылдық мектепті жаңғырту, сондай-ақ қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізілуде. Мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша алдағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20250317/batys-qazaqstanda-biyl-6-zhayly-mektep-salynady-51686940.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708687_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_b9ee26f4f6db62f45cdcaa797611b13b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, білім, министрлік
мектеп, білім, министрлік
Үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Әсіресе, 2023, 2024 жылдары құрылыс ерекше қарқынды болды. Бұл кезеңде 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынған.
Бұл құрылыс жұмыстары елімізде 100-ге жуық үш ауысымды мектепті ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы мектептер салуға басымдық берілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 105 жайлы мектеп берілді, 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды, оның аясында тағы 28 білім ордасын салу жоспарлануда.
Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту аясында жыл сайын 1000 ауылдық мектепті жаңғырту, сондай-ақ қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізілуде. Мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша алдағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарлануда.