Үкімет қандай жалақыға көп салық салу қажеттігін анықтады

© Photo : Пресс-служба Агентства национальной статистики Казахстана Үкімет қандай жалақыға көп салық салу қажеттігін анықтады
Үкімет қандай жалақыға көп салық салу қажеттігін анықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын қызметкерлер үшін жоғары 15% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкімет Салық кодексі аясында жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізуді ұсынып отыр.

“Мәселен, жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылда 33 422 000 теңгеден) асатын қызметкерлер үшін жоғары 15% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын тетікті құруға мүмкіндік береді”, - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге 10% мөлшерінде корпоративтік табыс салығы енгізілетін болады. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері шығарған бағалы қағаздар бойынша кірістерге салық салу ұсынылады.
Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қосылған құн салығынан босатылатын салалар анықталды
Жаңалықтар
0