Қосылған құн салығынан босатылатын салалар анықталды

Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығынан босатылатын салаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістегі талқылаудың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология сияқты салаларды қосылған құн салығынан босатуға шешім қабылданды.
"Сосын денсаулық сақтау саласында үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Оның мөлшерлемесі 10% болады", - деді Жұманғарин мәжәлістің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады.
Министрі реформа аясында банк операцияларына қосылған құн салығы салынатынын да мәлімдеді.
Банк операцияларына қосылған құн салығы салынса, осы қызметтердің бағасы өсуі мүмкін. Сондықтан үкімет тиісті шараларды қолға алуды жоспарлап отыр.

"Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін бәсекелестікті қорғау агенттігі үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді", - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады, бірақ банк және ойын секторы үшін жоғары мөлшерлеме белгіленеді.
"Мөлшерлеме 25%-ды құрайды. Қаржы лизингі және әлеуметтік сала үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін кезең кезеңмен 10%-ға дейін көбейту ұсынылады",-деді вице-премьер.
Салық, үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге болады - үкімет
Жаңалықтар
0