Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың туыстарына көңіл айтты

© соцсетиЛев Тараков
Лев Тараков - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосты, деп атап өтті президент
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, "Время" газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты", – делінген жеделхатта.
Лев Тараков 1966 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы президенті баспасөз қызметінің басшысы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Литер" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
2012 жылдың мамырынан - "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.
2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі.
Лев Тараков - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды
Жаңалықтар
0