https://sputnik.kz/20250409/belgili-qazaqstandyq-zhurnalist-lev-tarakov-qaytys-boldy-52335530.html
Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды
Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Ол 2012 жылдың мамырынан "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T18:12+0500
2025-04-09T18:12+0500
2025-04-09T18:12+0500
журналист
аида балаева
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52334867_0:0:1120:630_1920x0_80_0_0_835c37da617f22486b15df24c6c101ac.jpg
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде.Оның айтуынша Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын."Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді", - деп атап өтті Балаева.Ол журналистің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.Лев Тараков 1966 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы президенті баспасөз қызметінің басшысы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Литер" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.2012 жылдың мамырынан - "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52334867_167:0:1007:630_1920x0_80_0_0_7a7de87720b40d1b663d3437d892f5b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, аида балаева
Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды
Ол 2012 жылдың мамырынан "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде.
"Бүгін Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі азамат, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті", - деп жазды министр.
Оның айтуынша Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын.
"Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді", - деп атап өтті Балаева.
Ол журналистің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Лев Тараков 1966 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы президенті баспасөз қызметінің басшысы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Литер" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
2012 жылдың мамырынан - "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.
2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі.