Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын

© Photo : РостсельмашҚазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
2025 жылдың басынан бері ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесуде ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімін кеңейту жайын талқылады.
2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға өскен. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.
"Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз", — деп атап өтті министр.
Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді арттыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар Қазақстан мен Иран арасында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.
Сбор урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды – Сапаров
Жаңалықтар
0