https://sputnik.kz/20250227/2024-zhyl-auyl-sharuashylygy-ushin-rekordtyq-zhyl-boldy--saparov-51208996.html
2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды – Сапаров
2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды – Сапаров
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық жыл болды: саланың жалпы өнімінің көлемі 13,7%-ға артып, 8,3 трлн теңгеге... 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T15:35+0500
2025-02-27T15:35+0500
2025-02-27T15:35+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_af7299cc594e80972bc837214c208d8e.jpg
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық жыл болды: саланың жалпы өнімінің көлемі 13,7%-ға артып, 8,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров АШМ кеңейтілген алқа отырысында айтты.Айта кетері, 2024 жылы АӨК субъектілерін ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Шаруалар 1,3 млн тонна минералды тыңайтқыш қолданды, бұл 2023 жылғы деңгейден 2 есеге артық, суарудың су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің ауданы 5 есеге ұлғайды.Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі шеңберінде 2024 жылы фермерлер 22,1 мың техника сатып алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 мың бірлікке артық.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайтудыы көздейтін Жол картасын іске асыру бойынша бірқатар нақты шара қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_aaa6ea1b841524fc2c0c17abdcb8cf68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды – Сапаров
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық жыл болды: саланың жалпы өнімінің көлемі 13,7%-ға артып, 8,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров АШМ кеңейтілген алқа отырысында айтты.
"Биылғы жылы қарқынын төмендетпеу маңызды. Егіс жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады, жеңілдетілген лизингке қосымша 200 млрд теңге қарастырылады", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, 2024 жылы АӨК субъектілерін ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Шаруалар 1,3 млн тонна минералды тыңайтқыш қолданды, бұл 2023 жылғы деңгейден 2 есеге артық, суарудың су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің ауданы 5 есеге ұлғайды.
Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі шеңберінде 2024 жылы фермерлер 22,1 мың техника сатып алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 мың бірлікке артық.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайтудыы көздейтін Жол картасын іске асыру бойынша бірқатар нақты шара қабылданды.