Президент Су кодексіне қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Су кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет "су қауіпсіздігі" ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су нысандарын қорғау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесіне қызмет етеді.
Екінші блок саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Онда су ресурстарын қорғаудың басым бағыттарына, шешім қабылдауға жұртшылықты кеңінен тартуға және су шаруашылығы бассейндері негізінде басқаруға мән берілген.
Үшінші блок су тасқынының, судан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Төртінші блогта су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды. Бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау функциясынан бөлек, жедел әрекет ете отырып мемлекеттік қадағалау жөніндегі өкілеттіліктер берілді.
Бесінші блок гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Су кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 89 отырысы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Қазақстан биыл Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады
Жаңалықтар
0