https://sputnik.kz/20250407/qazaqstan-biyl-suaru-kezeninde-syrdariya-ozeni-arqyly-37-mlrd-tekshe-metr-su-alady-52269310.html
Қазақстан биыл Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады
Қазақстан биыл Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады
Sputnik Қазақстан
Самарқандта Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті 07.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-07T12:20+0500
2025-04-07T12:20+0500
2025-04-07T12:44+0500
су
министрлік
сырдария
https://sputnik.kz/img/07e9/04/07/52264891_127:300:635:586_1920x0_80_0_0_d214125e335e02ca83437e45c90f75fc.jpg
АСТАНА, 7 сәуір-Sputnik. 2025 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Бұл туралы Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан су ведомстволарының басшылары Самарқандта келісті.Ал "Достық" мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.Оның айтуынша, шананы жазда дайындау керек, ал жазғы маусым үшін еліміз 2024 жылдың соңынан бері келіссөздер жүргізіп келген.Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.
https://sputnik.kz/20250205/ozbekstan-qazaqstanga-16-milliard-tekshe-metr-su-zhiberedi-50554872.html
сырдария
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/07/52264891_33:85:745:619_1920x0_80_0_0_ebb7ffa7afc61926d5aab9158d1d4c1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, министрлік, сырдария
Қазақстан биыл Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады
12:20 07.04.2025 (жаңартылды: 12:44 07.04.2025) Самарқандта Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті
АСТАНА, 7 сәуір-Sputnik. 2025 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл туралы Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан су ведомстволарының басшылары Самарқандта келісті.
Ал "Достық" мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
"Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов.
Оның айтуынша, шананы жазда дайындау керек, ал жазғы маусым үшін еліміз 2024 жылдың соңынан бері келіссөздер жүргізіп келген.
"Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасына жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады", - деді Нұржігітов.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.