https://sputnik.kz/20250409/nekeni-buzudyn-shygyndary-kobeyedi--52335112.html
Некені бұзудың шығындары көбейеді
Некені бұзудың шығындары көбейеді
Sputnik Қазақстан
Некені бұзу туралы сотқа талап қоюдан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке яғни 19 660 теңгеге көбейту ұсынылды 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T18:25+0500
2025-04-09T18:25+0500
2025-04-09T18:25+0500
салық
неке
https://sputnik.kz/img/781/04/7810426_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_80c89da9683dc8a55068756d09d67034.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Салық кодексі аясында некені бұзу бойынша мемлекеттік баж мөлшерлемесі артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде некені бұзу бойынша соттарға шағым түсіргенде 0,5 АЕК (1 966 теңге) көлемінде мемлекеттік бажды төлеу керек. Бұдан бөлек, I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК мөлшеріне дейін арттыру жоспарланған. Салық кодексі аясында алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Ал энергетикалық сусындар мен құрамында транс майлары бар өнімдерге акциз мөлшерлемесі енгізіледі. Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оған басқа да ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20250409/15-protsent-salyq-toleydi-qansha-adam-3-mln-tengeden-artyq-zhalaqy-alatyny-belgili-boldy-52333065.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/04/7810426_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_c59b28e6c0e3ac318b8e67b8b13bb6b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, неке
Некені бұзудың шығындары көбейеді
Некені бұзу туралы сотқа талап қоюдан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке яғни 19 660 теңгеге көбейту ұсынылды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Салық кодексі аясында некені бұзу бойынша мемлекеттік баж мөлшерлемесі артады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде некені бұзу бойынша соттарға шағым түсіргенде 0,5 АЕК (1 966 теңге) көлемінде мемлекеттік бажды төлеу керек.
"Некені бұзу туралы соттарға талап қоюлардан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке (2025 жылда - 19 660 теңгеге) дейін көбейту ұсынылып отыр", - делінген мәжілістің ресми
хабарламасында.
Бұдан бөлек, I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК мөлшеріне дейін арттыру жоспарланған.
Салық кодексі аясында алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Ал энергетикалық сусындар мен құрамында транс майлары бар өнімдерге акциз мөлшерлемесі енгізіледі.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оған басқа да ұсыныстар енгізілуі мүмкін.