Министр "байлық" салығының нормасын түсіндірді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЯхта
Яхта - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10 проценттік акциздер енгізу ұсынылып отыр
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "сән-салтанат салығын" енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет салық реформасы аясында "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынып отыр.
"Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда", - деді Жұманғарин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ, қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10 проценттік акциздер енгізу ұсынылып отыр.
Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қосылған құн салығынан босатылатын салалар анықталды
Жаңалықтар
0