Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуКвартирная кража
Квартирная кража - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Соңғы бес жылда пәтер ұрлығы 14 мыңнан 6 мыңға, яғни екі жарым еседей азайды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
"Топ құрамында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша шығын 10 млн теңге", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жалпы 2025 жылдың үш айында ел бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 25 қылмыстық топ құрықталған.
Ведомствоның мәліметінше пәтер ұрлығын азайту жұмыстарының арқасында соңғы бес жылда оның саны 14 мыңнан 6 мыңға, яғни екі жарым еседей азайды. Жыл басынан бері пәтер ұрлығы 30%-ға төмендеді.
Золотое кольцо - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Түркістан облысында млн теңгенің алтын бұйымдары ұрланды
Жаңалықтар
0