Алматы әуежайындағы оқиға: сот қылмыстық істі кері қайтарды

© SputnikСуд о заложниках в аэропорту Алматы
Суд о заложниках в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Сотталушының өз кінәсін ішінара ғана мойындауы қылмыстық істі сотта қарауға кедергі болды
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында әуежай қызметкерін кепілдікке алған Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысында судья істі кері қайтарды.
Сотталушының өз кінәсін ішінара ғана мойындауы қылмыстық істі сотта қарауға кедергі болды. Сол себепті судья қылмыстық істі қайта қарау үшін прокурорларға кері қайтарды.
Сотталушы Баратов Қылмыстық кодекстің 261-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы "Адамды кепілдікке алу" бойынша кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол ешқандай талап қоймаған, тек әуежайдың күту залына барғысы келген.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының 6-бөлігінің 4) тармағының талаптарына сәйкес, кінәсін мойындамаған жағдайда сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізілмейді. Қылмыстық процестік кодекстің 323-бабына сәйкес сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу істері бойынша басты сот талқылауында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтары анықталған кезде сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады", - дейді қалалық сот.
Судья қылмыстық істі дұрыстап тергеу үшін прокурорларға бір ай уақыт берді, ал сотталушы сотқа дейінгі тергеу изоляторында болу санкциясы өзгеріссіз қалды.
Айта кетерік, бүгін Алматы әуежайында адамды кепілдікке алған Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысы өтті. Онда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартып, ешкімге ешбір кінә артпайтынын айтқан.
Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Алматы әуежайындағы оқиға: Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартты
Жаңалықтар
0