https://sputnik.kz/20250409/almaty-auezhayyndagy-oqiga-boyynsha-ekinshi-sot-otyrysy-otti-52331380.html
Алматы әуежайындағы оқиға: Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартты
Алматы әуежайындағы оқиға: Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартты
Sputnik Қазақстан
Екінші сот отырысында судья қызды құтқарған Мұса Әбдірайымның арызын оқыды 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T15:51+0500
2025-04-09T15:51+0500
2025-04-09T16:23+0500
алматы халықаралық әуежайы
кепіл
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52331557_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6931bcb9205f5558e4377c5d35c32888.jpg
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында әуежайда қызметкерді кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алғашқы отырыста Машрапбек Баратов адамды кепілге алу еш ойында болмағанын, істің аяқасты ушыққанын айтқан. Үш ай бойы еңбекақысын ала алмаған түнгі клубтың күзетшісі сол күні әуежайға қалай барғанын да білмейді. Ал терминалда кепілдікке алынған қыз әу баста Баратовтың өтінішін тыңдамай, жанжалдасып жағасына жармасқан көрінеді. Бұл айыпталушының алғашқы сот отырысында берген түсініктемесі.Машрапбек Баратов үйленген, екі баланың әкесі. Өз түсініктемесінде ол пышақты қыздың мойнына тақамағанын, өлтіру ойында болмаған айтты. Ол пышақты азық-түлік үшін 1,5 жылдан бері қол сөмкесінде үнемі алып жүрген.Ал екінші сот отырысында судья қызды құтқарған Мұса Әбдірайымның арызын оқыды. Онда Әбдірайым сотта өзін жәбірленуші ретінде қараудан бас тартып, ешкімге ешбір кінә артпайтынын айтқан.Айыпталушы өзіне тағылған Қылмыстық Кодекстің 261-бабы 2-бөлігі "Адамды кепілдікке алу" бойынша айыпты мойындамады. Сол себепті сот процессуалдық шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады. Айта кетері, бұл оқиғаға қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалған болатын.Еске сала кетейік, оқыс оқиға 7 наурызда болды. Алматыдағы әуежайда ер адам әуежай қызметкерін кепілдікке алды. Жан дауысы шыққан қызды әуежайда жүрген қала тұрғыны Мұса Әбдірайым өзін кепілдікке алуды ұсынып, жәбірленушіні құтқарып қалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52331557_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5f84d7f25eb77cc3838f9d18a4af49e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы халықаралық әуежайы, кепіл
алматы халықаралық әуежайы, кепіл
Алматы әуежайындағы оқиға: Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартты
15:51 09.04.2025 (жаңартылды: 16:23 09.04.2025) Екінші сот отырысында судья қызды құтқарған Мұса Әбдірайымның арызын оқыды
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында әуежайда қызметкерді кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Алғашқы отырыста Машрапбек Баратов адамды кепілге алу еш ойында болмағанын, істің аяқасты ушыққанын айтқан. Үш ай бойы еңбекақысын ала алмаған түнгі клубтың күзетшісі сол күні әуежайға қалай барғанын да білмейді. Ал терминалда кепілдікке алынған қыз әу баста Баратовтың өтінішін тыңдамай, жанжалдасып жағасына жармасқан көрінеді. Бұл айыпталушының алғашқы сот отырысында берген түсініктемесі.
Машрапбек Баратов үйленген, екі баланың әкесі. Өз түсініктемесінде ол пышақты қыздың мойнына тақамағанын, өлтіру ойында болмаған айтты. Ол пышақты азық-түлік үшін 1,5 жылдан бері қол сөмкесінде үнемі алып жүрген.
Ал екінші сот отырысында судья қызды құтқарған Мұса Әбдірайымның арызын оқыды. Онда Әбдірайым сотта өзін жәбірленуші ретінде қараудан бас тартып, ешкімге ешбір кінә артпайтынын айтқан.
Айыпталушы өзіне тағылған Қылмыстық Кодекстің 261-бабы 2-бөлігі "Адамды кепілдікке алу" бойынша айыпты мойындамады. Сол себепті сот процессуалдық шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады.
Айта кетері, бұл оқиғаға қатысты үш бірдей
қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске сала кетейік, оқыс оқиға 7 наурызда болды. Алматыдағы әуежайда ер адам әуежай қызметкерін кепілдікке алды. Жан дауысы шыққан қызды әуежайда жүрген қала тұрғыны Мұса Әбдірайым өзін
кепілдікке алуды ұсынып, жәбірленушіні құтқарып қалды.