https://sputnik.kz/20250408/ministr-zhyl-sayyn-ar-oblysta-auqymdy-shara-otkizudi-usyndy-52299253.html
Министр жыл сайын әр облыста ауқымды шара өткізуді ұсынды
Министр жыл сайын әр облыста ауқымды шара өткізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Былтыр туристерді қызықтыратын 137 іс-шараның басым бөлігі Астана мен Алматыда ұйымдастырылған 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T11:51+0500
2025-04-08T11:51+0500
2025-04-08T11:51+0500
туризм
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50446699_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_52eadfce9f47c50ca76b318c2d9c6763.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристерді көптеп тарту мақсатында әрбір облыста жыл сайын бір ауқымды шара өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде туристер табиғатқа ғана емес, сан алуан мәдени шараларға да қызығып келеді. Осыған байланысты Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы негізінде іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Былтыр оған туристерді қызықтыратын 137 іс-шара енгізілді. Бірақ басым бөлігі Астана мен Алматыда өтті.Министр бірнеше шараны да мысалға келтірді. Олар:"Өңірлік әкімдіктерді әр облыста өтетін ірі іс-шараларды күнтізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар беруге шақырамын", - деді Мырзабосынов.Айта кетері, алдағы уақытта барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады.
https://sputnik.kz/20250402/tiktok-bayau-istep-tur---ministr-kenes-berdi-52144275.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50446699_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7a9ca6c09067e08966c1cbe85ac48090.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, үкімет
Министр жыл сайын әр облыста ауқымды шара өткізуді ұсынды
Былтыр туристерді қызықтыратын 137 іс-шараның басым бөлігі Астана мен Алматыда ұйымдастырылған
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристерді көптеп тарту мақсатында әрбір облыста жыл сайын бір ауқымды шара өткізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде туристер табиғатқа ғана емес, сан алуан мәдени шараларға да қызығып келеді. Осыған байланысты Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы негізінде іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Былтыр оған туристерді қызықтыратын 137 іс-шара енгізілді. Бірақ басым бөлігі Астана мен Алматыда өтті.
"Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізу ұсынылады. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министр бірнеше шараны да мысалға келтірді. Олар:
Digital Almaty – халықаралық цифрлық форумы;
Шығыс Салбұрыны –халықаралық бүркітшілер фестивалі;
Muz Fest – EXPO кешенінің алаңында өтетін қысқы фестиваль;
Burabay Ice – Бурабай көлінде ұйымдастырылатын мұздың үстімен жүгіру іс-шарасы.
"Өңірлік әкімдіктерді әр облыста өтетін ірі іс-шараларды күнтізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар беруге шақырамын", - деді Мырзабосынов.
Айта кетері, алдағы уақытта барлық әуежай мен шекара бекетінде
QR-код жүйесі болады.