https://sputnik.kz/20250408/enbek-birzhasy-nauryzda-bos-zhumys-oryndar-sany-azaydy-52292674.html
Еңбек биржасы: наурызда бос жұмыс орындар азайды
Еңбек биржасы: наурызда бос жұмыс орындар азайды
Sputnik Қазақстан
Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14%-ды құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28%-ына жетті 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T09:07+0500
2025-04-08T09:07+0500
2025-04-08T09:31+0500
жұмыс
еңбек
https://sputnik.kz/img/479/22/4792214_0:120:2016:1254_1920x0_80_0_0_d0c6766192656070785b3f8a7c7d1a6d.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Наурыз айында "Enbek" электрондық еңбек биржасында 80,2 мың бос жұмыс орны және 95,3 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ақпан айымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендеуі байқалды – бос жұмыс орындарының саны 34%-ға, сондай-ақ жұмыс іздеушілер орналастырған түйіндемелер саны 28%-ға азайды.Биржа мәліметтері бойынша, 2025 жылдың наурыз айында біліктілік деңгейі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік сақталады: жоғары білікті мамандар бос жұмыс орындарының 37 пайызын құраса, олар түйіндеменің 32 пайызын ғана құрайды. Сонымен бірге біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14%-ды құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28%-ына жетті.Өңірлік бөліністе ақпан айымен салыстырғанда орналастырылған бос орындар санының едәуір төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында – 12,9 мыңнан 4,5 мыңға дейін (65% - ға төмендеу), Ақтөбе облысында – 3,8 мыңнан 2,7 мыңға дейін (-28%) және Атырау облысында – 3,5 мыңнан 3,1 мыңға дейін (-12%) тіркелді.Жалпы төмендеуге қарамастан, Алматы облысында жұмыс берушілер белсенділік деңгейін бұрынғы деңгейде сақтап қалды: наурызда 3,4 мың (-6%), ал ақпан айында 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды.
https://sputnik.kz/20250313/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-55-myn-zhana-zhumys-orny-ashylady-51579822.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/22/4792214_93:0:1924:1373_1920x0_80_0_0_115b44b9e96bd0c0d12d7daf11fe4630.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс, еңбек
Еңбек биржасы: наурызда бос жұмыс орындар азайды
09:07 08.04.2025 (жаңартылды: 09:31 08.04.2025) Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14%-ды құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28%-ына жетті
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Наурыз айында "Enbek" электрондық еңбек биржасында 80,2 мың бос жұмыс орны және 95,3 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі.
Ақпан айымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендеуі байқалды – бос жұмыс орындарының саны 34%-ға, сондай-ақ жұмыс іздеушілер орналастырған түйіндемелер саны 28%-ға азайды.
Биржа мәліметтері бойынша, 2025 жылдың наурыз айында біліктілік деңгейі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік сақталады: жоғары білікті мамандар бос жұмыс орындарының 37 пайызын құраса, олар түйіндеменің 32 пайызын ғана құрайды. Сонымен бірге біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14%-ды құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28%-ына жетті.
Өңірлік бөліністе ақпан айымен салыстырғанда орналастырылған бос орындар санының едәуір төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында – 12,9 мыңнан 4,5 мыңға дейін (65% - ға төмендеу), Ақтөбе облысында – 3,8 мыңнан 2,7 мыңға дейін (-28%) және Атырау облысында – 3,5 мыңнан 3,1 мыңға дейін (-12%) тіркелді.
Жалпы төмендеуге қарамастан, Алматы облысында жұмыс берушілер белсенділік деңгейін бұрынғы деңгейде сақтап қалды: наурызда 3,4 мың (-6%), ал ақпан айында 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды.