https://sputnik.kz/20250313/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-55-myn-zhana-zhumys-orny-ashylady-51579822.html
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Sputnik Қазақстан
Қазірдің өзінде бес компания өз ақшасын салып, орталық аймағында зауыттарды салуға мүдделі 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T13:03+0500
2025-03-13T13:03+0500
2025-03-13T13:03+0500
зауыт
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48480278_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_909a435d10ba8191ffe09c0d03b511d2.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында салынатын "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында 5 500 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.100 гектар аумақты қамтитын орталық өңірдегі жаңа өндірістік және логистикалық инфрақұрылымның қалыптасуына мүмкіндік береді. Жоба аясында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 2032 жылға дейін 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады деген жоспар бар.Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, қазірдің өзінде бес компания өз ақшасын салып, орталық аймағында зауыттарды салуға мүдделі.Сондай-ақ, көкөніс, жеміс пен жидекті өңдейтін зауыт салынады. Оның құны – 15 млн доллар. Ал логистикалық кешеннің құрылысына 20 млн доллар жұмсалады.Айта кетері, халықаралық орталық Қазақстанның "Атамекен" бекеті, ал Өзбекстан жағынан "Гулистан" бақылау-өткізу бекетіне жақын орналасады. Орталықты техникалық іске қосу 2026 жылдың 4-тоқсанына, ал ресми ашылу 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған.
https://sputnik.kz/20241127/20-myn-zhumys-orny-ashylady-qazaqstan-men-resey-49-zhobany-birlesip-zhuzege-asyrmaq-48870983.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48480278_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_de20b14437ef574575488f59886bc8e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Қазірдің өзінде бес компания өз ақшасын салып, орталық аймағында зауыттарды салуға мүдделі
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында салынатын "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында 5 500 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
100 гектар аумақты қамтитын орталық өңірдегі жаңа өндірістік және логистикалық инфрақұрылымның қалыптасуына мүмкіндік береді. Жоба аясында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 2032 жылға дейін 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады деген жоспар бар.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, қазірдің өзінде бес компания өз ақшасын салып, орталық аймағында зауыттарды салуға мүдделі.
"Мәселен, 35 млн доллардың жеміс пен көкөніс шығару зауыты бар. Ол жерде томат пастасы шығарылады. Бұдан бөлек, азық-түлік зауыты, онда шырындар, көкөніс пасталары және тағы басқа тамақ өнімдері өндіріледі. Ол зауыттың құны – 20 млн доллар", - деді Төребаев сенатта өткен брифингте.
Сондай-ақ, көкөніс, жеміс пен жидекті өңдейтін зауыт салынады. Оның құны – 15 млн доллар. Ал логистикалық кешеннің құрылысына 20 млн доллар жұмсалады.
"Ал бесінші жоба - Global Textile. Бұл - өзбек компаниясы. Олар өз өндірісін ашуға мүдделі, арнайы меморандумға да қол қойды", - деді вице-министр.
Айта кетері, халықаралық орталық Қазақстанның "Атамекен" бекеті, ал Өзбекстан жағынан "Гулистан" бақылау-өткізу бекетіне жақын орналасады. Орталықты техникалық іске қосу 2026 жылдың 4-тоқсанына, ал ресми ашылу 2027 жылдың алғашқы
жартыжылдығына жоспарланған.