https://sputnik.kz/20250313/tauar-bagasy-tomendeydi-zhana-khalyqaralyq-ortalyq-qashan-ashylatyny-belgili-boldy-51574193.html
"Тауар бағасы төмендейді": жаңа халықаралық орталық қашан ашылатыны белгілі болды
"Тауар бағасы төмендейді": жаңа халықаралық орталық қашан ашылатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Орталықтың жалпы аумағы 100 гектар болады 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T10:32+0500
2025-03-13T10:32+0500
2025-03-13T10:33+0500
өзбекстан
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0a/49872955_0:165:3052:1882_1920x0_80_0_0_7e6123a03891207e9e138032c5b7e71f.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Халықаралық орталық Қазақстанның "Атамекен" бекеті, ал Өзбекстан жағынан "Гулистан" бақылау-өткізу бекетіне жақын орналасады. Ол жерде өндірістік алаңдардан, қоймалардан және көлік инфрақұрылымынан тұратын болады.Келісімге сәйкес, орталықтың жалпы аумағы 100 гектар болады. Қазақстан мен Өзбекстан 50 гектардан жер бөліп береді. Бүгінде ашық конкурс нәтижесінде инвестор анықталды. "Trans Continental Logistic Gr" компаниясы орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымына қаржы құятын болады. Оған шамамен 27 млрд теңге кетеді. Инвестор орталықтың аумағын екі есеге кеңейтуге де мүдделі.Сонымен қатар, "Global Textile" компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы іске асырылады. Жаңа халықаралық орталық екі жақты тауар айналымын алдағы бес жылда 10 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар.Сенат депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялайтын заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20250205/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarasynda-khalyqaralyq-ortalyq-ashylady---mazhilis-zan-qabyldady-50557787.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0a/49872955_162:0:2891:2047_1920x0_80_0_0_38e38f09c79c3024c581c1ed2f469606.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, ынтымақтастық
"Тауар бағасы төмендейді": жаңа халықаралық орталық қашан ашылатыны белгілі болды
10:32 13.03.2025 (жаңартылды: 10:33 13.03.2025) Орталықтың жалпы аумағы 100 гектар болады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халықаралық орталық Қазақстанның "Атамекен" бекеті, ал Өзбекстан жағынан "Гулистан" бақылау-өткізу бекетіне жақын орналасады. Ол жерде өндірістік алаңдардан, қоймалардан және көлік инфрақұрылымынан тұратын болады.
"Мұндай шешім жүк тасымалын жеделдетуге, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға, өнімнің соңғы тұтынушы үшін құнын төмендетуге және жеткізілімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді сенатор Алишер Сатвалдиев.
Келісімге сәйкес, орталықтың жалпы аумағы 100 гектар болады. Қазақстан мен Өзбекстан 50 гектардан жер бөліп береді. Бүгінде ашық конкурс нәтижесінде инвестор анықталды. "Trans Continental Logistic Gr" компаниясы орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымына қаржы құятын болады. Оған шамамен 27 млрд теңге кетеді. Инвестор орталықтың аумағын екі есеге кеңейтуге де мүдделі.
"Орталықты техникалық іске қосу 2026 жылдың 4-тоқсанына, ал ресми ашылу 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған. Орталық жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруды, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеуді, сондай-ақ фармацевтика, электротехника, химия, тері өңдеу, тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы өндірісті дамытуға қолдау көрсетеді", - деді сенатор
Сонымен қатар, "Global Textile" компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы іске асырылады. Жаңа халықаралық орталық екі жақты тауар айналымын алдағы бес жылда 10 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар.
Сенат депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялайтын заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.