https://sputnik.kz/20250408/aqtobede-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-memlekettik-qyzmetker-8-zhylga-sottaldy--52294135.html
Ақтөбеде 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
Ақтөбеде 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол жергілікті кәсіпкермен 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасаған 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T10:51+0500
2025-04-08T10:51+0500
2025-04-08T11:09+0500
сыбайлас жемқорлық
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде ас ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.Тергеу барысында Актөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды. Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденген. Сот шешімімен айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Ал мердігерге 7 жылға бас бостандығынан және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыру жазасы тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250326/bes-zhylga-sottaldy-sot-almaty-su-qyzmetkerine-qatysty-isti-qayta-qarady-51918014.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, ақтөбе
сыбайлас жемқорлық, ақтөбе
Ақтөбеде 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
10:51 08.04.2025 (жаңартылды: 11:09 08.04.2025) Ол жергілікті кәсіпкермен 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасаған
АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде ас ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады
облыс прокуратурасы.
Тергеу барысында Актөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды. Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденген.
"Осы факті бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс сотқа жолданды", - делінген хабарламада.
Сот шешімімен айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Ал мердігерге 7 жылға бас бостандығынан және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыру жазасы тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.