Бес жылға темір торға тоғытылды: сот "Алматы Су" қызметкеріне қатысты істі қайта қарады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өту"Алматы Су" экс басшысы жазасын шартты түрде емес, темір торда өтейді
Алматы Су экс басшысы жазасын шартты түрде емес, темір торда өтейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Ол 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды
АСТАНА, 25 наурыз — Sputnik. "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Жолдыбаев орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу мен сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, бас бостандығынан 5 жылға шартты түрде айыру тағайындалған.
Алайда қадағалаушы прокуратура наразылық білдіріп, бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Шартты жаза 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Айыпталушы сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
"Болашақ сәулетшілері" қорының басшысына қатысты тағы бір сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0