https://sputnik.kz/20250305/bolashaq-sauletshileri-qorynyn-basshysyna-qatysty-tagy-bir-sot-ukimi-shyqty-51374998.html
"Болашақ сәулетшілері" қорының басшысына қатысты тағы бір сот үкімі шықты
"Болашақ сәулетшілері" қорының басшысына қатысты тағы бір сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Олар 2018-2022 жылдар аралығында ұйымдасқан топ құрып, сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T21:32+0500
2025-03-05T21:32+0500
2025-03-05T21:32+0500
дизель отыны
мұнай
https://sputnik.kz/img/138/67/1386729_0:207:3872:2385_1920x0_80_0_0_0c1b155ae56a2b558cb4487e98b86860.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. "Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластарына тағы бір сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Қылмыстық істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарап, үкім шығарды. Марат Әбиевке үкім бірнеше бап бойынша шықты.Бұнымен қоса Әбиевке мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынды. Ол енді 5 жыл бойы қоғамдық бірлестіктер құрып, басшылық жасай алмайды.Әбиевтің сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алған 6 млрд теңгесі тәркіленді.Еске сала кетейік, бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары — Антон Новицкий, Жәнібек Дәрібаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметовке қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.Агенттік мәліметінше, 2018-2022 жылдар аралығында бұлар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-де ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген."Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылды, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылды. Атап өтсек, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық табыс арқылы "Genesis" (немесе "Болашақ сәулетшілері") атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылдың 21 тамызында Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын", - деп толықтырды агенттік.Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20240724/munay-gaz-kompaniyasynan-qyruar-qarzhy-urlagan-tagy-birneshe-basshy-ustaldy--45844239.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/138/67/1386729_208:0:3664:2592_1920x0_80_0_0_8fc5969dbcb24cef0ffeb0c27ce96a55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дизель отыны, мұнай
"Болашақ сәулетшілері" қорының басшысына қатысты тағы бір сот үкімі шықты
Олар 2018-2022 жылдар аралығында ұйымдасқан топ құрып, сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. "Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластарына тағы бір сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарап, үкім шығарды. Марат Әбиевке үкім бірнеше бап бойынша шықты.
"Марат Әбиев Қылмыстық кодектің 262-бабының 1-тармағы "Ұйымдасқан топты құру және басқару, сондай-ақ оған қатысу", 197-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы "Мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз өңдеу", 234-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы "Экономикалық контрабанда" бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазды ведомство.
Бұнымен қоса Әбиевке мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынды. Ол енді 5 жыл бойы қоғамдық бірлестіктер құрып, басшылық жасай алмайды.
Әбиевтің сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алған 6 млрд теңгесі тәркіленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары — Антон Новицкий, Жәнібек Дәрібаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметовке қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.
Агенттік мәліметінше, 2018-2022 жылдар аралығында бұлар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-де ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген.
"Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылды, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылды. Атап өтсек, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық табыс арқылы "Genesis" (немесе "Болашақ сәулетшілері") атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылдың 21 тамызында Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын", - деп толықтырды агенттік.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.