Мұнай-газ компаниясынан қыруар қаржы ұрлаған тағы бірнеше басшы ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында тағы бірнеше мұнай-газ компаниясының қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
"Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығындарын ешбір негізсіз өтеп берген. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды. Ал бұған дейінгі тексерістің нәтижесінде осы компанияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы және мердігерлік ұйымдардың екі өкілі қамауға алынды.
"Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді прокурорлар.
Жалпы, тексеріс басталғалы бері барлығы 19 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Соның барлығын экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша 8 адам, соның ішінде "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.
Жаңалықтар
0