https://sputnik.kz/20250408/almatyda-kuyeui-ortep-zhibergen-ayeldin-shagymy-boyynsha-sot-zhurip-zhatyr-52303495.html
Алматыда күйеуі өртеп жіберген әйелдің шағымы бойынша сот жүріп жатыр
Алматыда күйеуі өртеп жіберген әйелдің шағымы бойынша сот жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Оқиға болардан бұрын Индира азаматтық күйеуін департациялауды өтініп, құзырлы органға да шағымданған 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T13:37+0500
2025-04-08T13:37+0500
2025-04-08T13:40+0500
қылмыс
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/08/52303313_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6d2b38b8a78af40570a569fe0ad641f0.jpg
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Алматыда күйеуі дүкенмен қоса өртеп жіберген Индира Тергеубаеваның шағымына қатысты үкім алды сот тыңдауы болды. Екі жылдан астам уақытқа созылған соттың үкімі қашан шығады, Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Индира Тергеубаева шетел азаматымен азаматтық некеде болған. Ер адам қоқан-лоққы көрсете берген соң ара-қатынасты үзуге бел байлайды. Алайда қызғаншақ күйеу әйелді жұмыс істейтін дүкенімен қосып жарып жібереді.Әйелді тұрғын аман алып қалады, ал ер адам сол жерде өртеніп қайтыс болады. Бұл оқиғадан соң Индира Тергеубаева бірнеше ауыр ота жасатып, бет-әлпеті тыртық күйінде қалады, тіпті мүгедек болады.Айта кетейік, оқиға болардан бұрын Индира азаматтық күйеуін департациялауды өтініп, құзырлы органға да шағымданған. Тіпті сол туралы сот үкімі де шығады. Бірақ қалалық көші-қон басқармасының қызметкері Тергеубаның сөзін де, соттың департациялау туралы шешімін де назарға алмаған.Индираның айтуынша, көші-қон полициясы басқармасының кінәлі инспекторы Данияр Әденов мұсылманша келіп кешірім де сұрамаған. Сотта Индира Тергеубаева еңбекке жарамсыз, мүгедектік үшін 74 мың теңге алатынын айтты.Ал айыпталушы Әденов сотта кінәсін мойындамады. Оның адвокаты Әденов қызметкер ретінде заң талаптарын толық орындағанын айтты.Екі жылдан астам уақытқа созылған қылмыстық іске қатысты сот үкімі 15 сәуірде шығады.Еске сала кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. 41 жастағы Индира Тергеубаеваны азаматтық некедегі күйеуі бензин құйып өртеп жіберді.
https://sputnik.kz/20231005/almatyda-zanger-ayeldi-pyshaqtap-oltirgen-buryngy-kuyeui-11-zhylga-sottaldy-39095615.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/08/52303313_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_22440b9fe80a9b0c4ac6a1d9dd3762e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, алматы
Алматыда күйеуі өртеп жіберген әйелдің шағымы бойынша сот жүріп жатыр
13:37 08.04.2025 (жаңартылды: 13:40 08.04.2025) Оқиға болардан бұрын Индира азаматтық күйеуін департациялауды өтініп, құзырлы органға да шағымданған
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Алматыда күйеуі дүкенмен қоса өртеп жіберген Индира Тергеубаеваның шағымына қатысты үкім алды сот тыңдауы болды. Екі жылдан астам уақытқа созылған соттың үкімі қашан шығады,
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Индира Тергеубаева шетел азаматымен азаматтық некеде болған. Ер адам қоқан-лоққы көрсете берген соң ара-қатынасты үзуге бел байлайды. Алайда қызғаншақ күйеу әйелді жұмыс істейтін дүкенімен қосып
жарып жібереді.
Әйелді тұрғын аман алып қалады, ал ер адам сол жерде өртеніп қайтыс болады. Бұл оқиғадан соң Индира Тергеубаева бірнеше ауыр ота жасатып, бет-әлпеті тыртық күйінде қалады, тіпті мүгедек болады.
Айта кетейік, оқиға болардан бұрын Индира азаматтық күйеуін департациялауды өтініп, құзырлы органға да шағымданған. Тіпті сол туралы сот үкімі де шығады. Бірақ қалалық көші-қон басқармасының қызметкері Тергеубаның сөзін де, соттың департациялау туралы шешімін де назарға алмаған.
Индираның айтуынша, көші-қон полициясы басқармасының кінәлі инспекторы Данияр Әденов мұсылманша келіп кешірім де сұрамаған. Сотта Индира Тергеубаева еңбекке жарамсыз, мүгедектік үшін 74 мың теңге алатынын айтты.
Ал айыпталушы Әденов сотта кінәсін мойындамады. Оның адвокаты Әденов қызметкер ретінде заң талаптарын толық орындағанын айтты.
Екі жылдан астам уақытқа созылған қылмыстық іске қатысты сот үкімі 15 сәуірде шығады.
Еске сала кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. 41 жастағы Индира Тергеубаеваны азаматтық некедегі күйеуі бензин құйып
өртеп жіберді.