https://sputnik.kz/20231005/almatyda-zanger-ayeldi-pyshaqtap-oltirgen-buryngy-kuyeui-11-zhylga-sottaldy-39095615.html
Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды
Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T19:45+0500
2023-10-05T19:45+0500
2023-10-05T19:45+0500
алматы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c9c1b99d3f0e86e4fb09dd4c14185f75.jpg
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.Заңгерге 18 рет пышақ сұққан оның бұрынңы жұбайы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотта анықталғандай Н. 2022 жылы 8 қазаннан 9 қазанға қараған түні бұрынғы жұбайын үйінің жанында күтіп тұрған.Ер адам оған мүлікті бөлу жөнінде талап қояды.Прокурор мен жәбірленуші тарап судьядан оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.Сот айыпталушыны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сотталушы кінәсін мойындамады, ол жұбайын ерекше толқу жағдайында өлтіргенін мәлімдеді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетейік, Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
https://sputnik.kz/20230627/almatyda-ayelin-oltirgen-er-adam-15-zhylga-sottaldy-ukimnin-kushi-zhoyyldy--36382152.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a16870dedb10a41bd313cac21052f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыс
Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды
Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Заңгерге 18 рет пышақ сұққан оның бұрынңы жұбайы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотта анықталғандай Н. 2022 жылы 8 қазаннан 9 қазанға қараған түні бұрынғы жұбайын үйінің жанында күтіп тұрған.
Ер адам оған мүлікті бөлу жөнінде талап қояды.
"Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осылайша бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығады. Осы кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 мәрте соққы жасайды. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттың салдарынан әйел ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады қалалық соттан.
Прокурор мен жәбірленуші тарап судьядан оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.
Сот айыпталушыны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталушы кінәсін мойындамады, ол жұбайын ерекше толқу жағдайында өлтіргенін мәлімдеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.