https://sputnik.kz/20250408/12-mln-tenge-qaryz-5-zhyl-aliment-tolemegen-er-adam-zher-uchaskesin-beruge-mazhbur-boldy-52311398.html
12 млн теңге қарыз: 5 жыл алимент төлемеген ер адам жер учаскесін беруге мәжбүр болды
12 млн теңге қарыз: 5 жыл алимент төлемеген ер адам жер учаскесін беруге мәжбүр болды
Sputnik Қазақстан
Алматы облысында алимент төлемеген 6 адам бас бостандығынан айырылған 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T16:56+0500
2025-04-08T16:56+0500
2025-04-08T16:57+0500
алимент
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_de7bc8c5da8ea21fd9e406fd196e4646.jpg
АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Алматы облысында өткен жылы алимент төлеуден жалтарған 43 адам сотталды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.2024 жылы 43 борышкер 176 млн теңге алимент төлемегені үшін сотталды. Оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды. Ал 194 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 93-іне айыппұл салынып, 101-і қамауға алынды. Борышкерлерге шетелге шығуға, лицензия, рұқсат алуға және пайдалануға, сондай-ақ өз мүлкін басқаруға шектеулер қойылған. "Алиментті уақытында төлеу үшін жұмысқа орналасуға ниетті азаматтарға жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. Осы шаралардың арқасында 120-дан астам борышкер жұмысқа орналастырылып, балаларға тұрақты төлемдер жүргізілді", - дейді прокуратурадағылар.Алматы облысы бойынша 1 млрд теңге қарыз өндіріліп, кәмелетке толмаған 475 баланың құқығы қорғалды.
https://sputnik.kz/20250119/pavlodarda-tort-zhyl-aliment-tolemegen-ake-ustaldy-50102170.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_e557e3bab9261d7797c17ff1ddeaf61e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент
12 млн теңге қарыз: 5 жыл алимент төлемеген ер адам жер учаскесін беруге мәжбүр болды
16:56 08.04.2025 (жаңартылды: 16:57 08.04.2025) Алматы облысында алимент төлемеген 6 адам бас бостандығынан айырылған
АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Алматы облысында өткен жылы алимент төлеуден жалтарған 43 адам сотталды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.
2024 жылы 43 борышкер 176 млн теңге алимент төлемегені үшін сотталды. Оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылды.
Ал 194 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 93-іне айыппұл салынып, 101-і қамауға алынды.
"Мысалы, 5 жыл бойы ұлына алимент төлемей келген азаматтың қарызы 12 млн теңгеге жетті. Талғар ауданы прокурорының бастамасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды. Осыдан кейін борышкер қарызын жер учаскесін беріп өтеді", - делінген хабарламада.
Борышкерлерге шетелге шығуға, лицензия, рұқсат алуға және пайдалануға, сондай-ақ өз мүлкін басқаруға шектеулер қойылған.
"Алиментті уақытында төлеу үшін жұмысқа орналасуға ниетті азаматтарға жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. Осы шаралардың арқасында 120-дан астам борышкер жұмысқа орналастырылып, балаларға тұрақты төлемдер жүргізілді", - дейді прокуратурадағылар.
Алматы облысы бойынша 1 млрд теңге қарыз өндіріліп, кәмелетке толмаған 475 баланың құқығы қорғалды.