https://sputnik.kz/20250119/pavlodarda-tort-zhyl-aliment-tolemegen-ake-ustaldy-50102170.html
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол балаларына 4,5 млн теңге қарыз 19.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-19T09:27+0500
2025-01-19T09:27+0500
2025-01-19T09:28+0500
павлодар
алимент
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_0:0:3168:1782_1920x0_80_0_0_43766e36828c9a2b6f1005f064e8df37.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Павлодарда 4,5 млн теңгенің алиментін төлемей жүрген ер адам ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қала тұрғыны жұбайымен төрт жыл бұрын ажырасқан. Содан бері балаларына алимент төлемеген. Ал қарыз сомасы 4,5 миллион теңгеге жеткен. Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстап, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау үшін істі жеке сот орындаушысына тапсырды.Оған қоса, балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Айта кетері, былтыр Павлодар облысында алимент төлемеген 300-ге жуық адам анықталды.
https://sputnik.kz/20241023/deputatar-zhana-aliment-qoryn-qurudy-usyndy-48037202.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_da34aa52e86a117eb57c83eaa9d91487.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, алимент
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
09:27 19.01.2025 (жаңартылды: 09:28 19.01.2025) Ол балаларына 4,5 млн теңге қарыз
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Павлодарда 4,5 млн теңгенің алиментін төлемей жүрген ер адам ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны жұбайымен төрт жыл бұрын ажырасқан. Содан бері балаларына алимент төлемеген. Ал қарыз сомасы 4,5 миллион теңгеге жеткен. Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстап, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау үшін істі жеке сот орындаушысына тапсырды.
Оған қоса, балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетері, былтыр Павлодар облысында алимент төлемеген 300-ге жуық адам анықталды.