Депутатар жаңа алимент қорын құруды ұсынды

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги, архивное фото
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
Депутаттардың ұсынысы бойынша қор есебінен үш айдан артық уақыт бойы алимент алмаған балаларға көмек беруге болады
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, бүгінде алимент бойынша қарыздардың жалпы сомасы 43 миллиард теңгеге жетті. Қазақстанда жарты миллионнан астам бала алиментке қарап отыр. Ал осы ақшаны төлеуге міндетті адамдар табысын төмендетіп көрсетеді, я болмаса, алиментті ішінара төлей салады.
Бұған дейін Қазақстан халық партиясының фракциясы алимент қорын құруды ұсынған. Бірақ үкімет осы бастаманы қолдаған жоқ. Қордың көмегі болса, ата-аналар жауапкершіліктен қаша бастайды деген алаңдаушылық бар.
"Алайда үкімет алаңдап отырған мәселе онсыз да ушығып барады. 9 айдың ішінде алимент бойынша қарыздардың көлемі екі есеге өсті. Бұл проблеманы тездетіп шешу керек, үкімет ойлану керек деген әрбір күні балалардың жағдайын қиындатып отыр", - деді Магеррамов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы жолы фракция мүшелері мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды. Оның есебінен үш айдан артық уақыт бойы алимент алмаған балаларға көмек беруге болады.
Фракция депутаттары үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселе бойынша жауап беруді талап етті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Алимент төлеушілер баласына 14 млрд теңге қарыз – Әділет министрлігі
Жаңалықтар
0