Тоқаев Сербия президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуАлександр Вучич
Александр Вучич - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Президенттер Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Тараптар Қазақстан президентінің 2024 жылдың қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.
"Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Жаңалықтар
0