Семейде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған аурухана жертөлесін су басты

Облыс басшысы Семей ауруханасына барды
Облыс басшысы Семей ауруханасына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Аймақ басшысы медициналық мекемедегі бұл мәселеден хабардар екенін айтты
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Абай облысының әкімі Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты.
Аурухана басшысы облыс әкіміне бірқатар өзекті мәселені жеткізді. Соның бірі - жерасты суының көтерілуіне байланысты медициналық мекеменің жертөлесіне су жайылған. Аймақ басшысы бұл мәселеден хабардар екенін айтты.

"Ғимарат құрылысы әуелде дұрыс жоспарланбаған. Жер бедері толық зерттелмеген. Дренаж жүйесі де дұрыс жобаланбаған. Сондықтан ғимараттың іргетасына зақым келу қаупі бар. Бұл мәселені шешу үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Мәселені шешу жолдарын қарастырамыз. Жеке бақылауымда болады" - деді облыс әкімі.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген. Заманауи медициналық мекеме 375 төсек-орынға арналған.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем ауруханасының барлық корпусының шатыры мен қасбеттеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұған облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Мердігер компания өкілі құрылысты жыл соңына дейін бітіретінін жеткізді.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жамбыл облысында аудандық аурухана қызметкерлеріне зейнетақы жарнасы төленбеген
Жаңалықтар
0