https://sputnik.kz/20250221/zhambyl-oblysynda-audandyq-aurukhana-qyzmetkerlerine-zeynetaqy-zharnasy-tolenbegen-51076665.html
Жамбыл облысында аудандық аурухана қызметкерлеріне зейнетақы жарнасы төленбеген
Жамбыл облысында аудандық аурухана қызметкерлеріне зейнетақы жарнасы төленбеген
Sputnik Қазақстан
Аудандық аурухананың 700 қызметкері үшін 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылмаған 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T20:38+0500
2025-02-21T20:38+0500
2025-02-21T20:38+0500
прокуратура
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялануына байланысты Жамбыл облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуде.Жамбыл ауданының прокуратурасы 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында орталық аудандық аурухананың 700 қызметкерінің 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағанын анықтады.Осы тектес заң бұзушылықтарды Байзақ ауданының прокуратурасы "Байзақ су" ШЖҚ КМК мекемесінде анықтады, онда 2024 жылы 5 млн теңге сомасына 141 қызметкерге зейнетақы төлемдері жүргізілмеген.Сондай-ақ, Байзақ ауданының 5 мемлекеттік мекемесінде және 81 кәсіпкерлік субъектісінде 227 қызметкердің құқықтары бұзылған.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды, сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20250214/zhyl-basynan-beri-346-mlrd-tenge-zeynetaqy-tolendi-50863074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, зейнетақы
Жамбыл облысында аудандық аурухана қызметкерлеріне зейнетақы жарнасы төленбеген
Аудандық аурухананың 700 қызметкері үшін 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылмаған
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялануына байланысты
Жамбыл облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуде.
Жамбыл ауданының прокуратурасы 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында орталық аудандық аурухананың 700 қызметкерінің 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағанын анықтады.
Осы тектес заң бұзушылықтарды Байзақ ауданының прокуратурасы "Байзақ су" ШЖҚ КМК мекемесінде анықтады, онда 2024 жылы 5 млн теңге сомасына 141 қызметкерге зейнетақы төлемдері жүргізілмеген.
Сондай-ақ, Байзақ ауданының 5 мемлекеттік мекемесінде және 81 кәсіпкерлік субъектісінде 227 қызметкердің құқықтары бұзылған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды, сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.