Жыл басынан бері 346 млрд теңге зейнетақы төленді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Жазылу
Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 2 млн 445 мың адам зейнетақы алады
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды.
Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 2 млн 445 мың адам зейнетақы алады.
"Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге", - дейді ведомство.
2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-не дейін, ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2025
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді
Жаңалықтар
0