https://sputnik.kz/20250407/kezdese-almaganym-oyymnan-ketpedi-dimash-mangystaulyq-azhenin-syylygyn-aldy-52262312.html
"Кездесе алмағаным ойымнан кетпеді": Димаш маңғыстаулық әженің сыйлығын алды
"Кездесе алмағаным ойымнан кетпеді": Димаш маңғыстаулық әженің сыйлығын алды
Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды 07.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-07T08:00+0500
2025-04-07T08:00+0500
2025-04-07T08:00+0500
димаш құдайберген
сыйлық
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22333988_0:0:2546:1432_1920x0_80_0_0_3fe0763a1f987c329571e3684f1174a8.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Белгілі әнші Димаш Құдайберген 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, өзіне арнап жасаған шашақты алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтау әкімдігіне сілтеме жасап.Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты.Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды."Әлеуметтік желіден әжеміздің маған арнайы шашақ жасағанын оқып білдім. Кеше концерттен соң әжемізбен кездесе алмағаным ойымнан кетпеді. Бүгін ағаларыма айтып, арнайы кездесіп отырған жәйім бар”, - деген Димаш әженің қасына еріп келген 10 жасар шөбересіне алқасы мен жүзігін сыйға тартты.“Елдің де, ердің де тілеуін тілеп отырған ана болғандықтан, қазақты әлемге танытып жүрген осы балама арнайы шашақ жасап, оны тапсыру арманым еді”, - деген шеберқол ана Димашқа ақ батасын берді.
https://sputnik.kz/20240725/dimash-qudaybergen-qytaydyn-singer-2024-bayqauynda-oner-korsetedi-45859005.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22333988_0:0:2546:1910_1920x0_80_0_0_6cd3425989cf5bbdef3339500e7bf51c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген, сыйлық
димаш құдайберген, сыйлық
"Кездесе алмағаным ойымнан кетпеді": Димаш маңғыстаулық әженің сыйлығын алды
Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Белгілі әнші Димаш Құдайберген 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, өзіне арнап жасаған шашақты алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтау
әкімдігіне сілтеме жасап.
Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты.
"Біз - қазақпыз. Қазақтың кішкентай қызы болып өстік, қазір ана болдық, ауылдың данасымыз. Димаш – өзіміздің баламыз. Ақтауға келеді дегенді естіген соң, “неге бір тал шашақ байламасқа?” деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым", – деді қарт ана.
Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды.
"Әлеуметтік желіден әжеміздің маған арнайы шашақ жасағанын оқып білдім. Кеше концерттен соң әжемізбен кездесе алмағаным ойымнан кетпеді. Бүгін ағаларыма айтып, арнайы кездесіп отырған жәйім бар”, - деген Димаш әженің қасына еріп келген 10 жасар шөбересіне алқасы мен жүзігін сыйға тартты.
“Елдің де, ердің де тілеуін тілеп отырған ана болғандықтан, қазақты әлемге танытып жүрген осы балама арнайы шашақ жасап, оны тапсыру арманым еді”, - деген шеберқол ана Димашқа ақ батасын берді.