Мәдениет

Димаш Құдайберген Қытайдың "Singer 2024" байқауында өнер көрсетеді

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
Ол "Singer 2024" байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының "Singer 2024" ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді.
"Singer 2024" жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі.
Қытайлық HUNAN TV телеарнасының тікелей эфирінде өтетін байқауда қазақстандық әнші құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, "Singer 2024" байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге ән шырқайды.
Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды. Ал екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек Димаш Құдайберген "Singer 2017" байқауында екінші орын иеленген болатын.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2024
Димаш Құдайберген қыркүйекте Астанада концерт өткізетінін хабарлады
Жаңалықтар
0