Димаш Құдайберген қыркүйекте Астанада концерт өткізетінін хабарлады

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2024
Жазылу
Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Күзде Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп жоспарланған. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді", – деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әншінің айтуынша, билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.
Пласидо Доминго - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға ерекше сыйлық жасады – видео
Жаңалықтар
0