Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға ерекше сыйлық жасады – видео

© Photo : пресс-служба "Астана Опера"Пласидо Доминго
Пласидо Доминго - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго операдан үзінді орындаған болатын
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоға берген сыйлығы туралы айтты.
"Туған жеріне деген сезімін, таулардың, өзендер мен көлдердің, кең даланың сұлулығын жырламайтын әнші жоқ. Пласидо Доминго - ХХ ғасырдың ең үздік опера әншісі, ол өз халқының ең жақсы туындыларын бүкіл әлем елдеріне жеткізе алды. Халқымыздың дәстүрі бойынша мен аты аңызға айналған Пласидо Домингоның иығына шапан жаптым", - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында.
Видеоны мына жерден көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапешттегі Ференц Лист атындағы музыка академиясында Жорж Бизенің "Искатели жемчуга" операсынан үзінді орындаған болатын.
Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Димаштың жаңа әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды
Жаңалықтар
0