Димаштың жаңа әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
Италиядағы радиожүргізушісі Донателла Вальгонио Димаштың ерекше вокалдық шеберлігі мен қайталанбас талантына таңданысын білдірді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің "When I’ve Got You" атты жаңа композициясы жақында Сербия, Италия және Латын Американың танымал радиобағдарламаларында қойылды, деп хабарлайды dimashnews.
Еске сала кетсек, Сербиядағы ең танымал "Белгард 202 радиосының" қазақстандық әртіс Димаштың дауысын өз эфирінде беруі бірінші рет емес. Бұл Сербия мен Балқандағы ең көне және ең танымал радиостанциялардың бірі. 1969 жылы негізі қаланған бұл радиостанция бүгінгі күнде де тыңдармандарының сүйіктісі болып қала береді.
Сербиядан келген Dears Димаштың қайталанбайтын ерекше даусы көне бай тарихымен танымал "Белград 202 радиосында" бұған дейін де бірнеше рет шырқалғанын үлкен жақтанышпен жеткізді.
Сербиядан кейін Димаштың жаңа шығармасы итальяндық Radio Brescia sette радиосында орындалды. Бағдарламаның Италиядағы радиожүргізушісі Донателла Вальгонио Димаштың ерекше вокалдық шеберлігі мен қайталанбас талантына таңданысын білдірді.
"Оның вокалдық деңгейіне сөз жетпейді. Ол әнші ғана емес, сонымен қатар мульти-аспапшы, композитор және 15 түрлі тілдегі әндерді орындаушы. Оның жақында шыққан "When I’ve Got you" әнінде роктан поп-музыкаға, соул мен блюзге дейін барлығы бар".
Сондай-ақ, Димаштың әні Латын Американың "Tu fandom" бағдарламасында OYE 89.7 атты радиостанциясында орындалды. Бұл бағдарламада Димашты радио жүргізуші Пончо Йезка жылы қарсы алды. Оның ойынша, жаңа композицияны түрлі медиа жобаларға, соның ішінде бейне ойындарға да саундтрек ретінде ұсынса өте тапқыр шешім болар еді.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2023
Костенко шахтасындағы апат: Димаш 20 отбасына ақша аударды
Жаңалықтар
0