Үкіметте геологтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді
16:15 05.04.2025 (жаңартылды: 16:16 05.04.2025)
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҮкіметте геологтерге мемлекеттік наградалар табыс етілді

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Жазылу
Сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалау мақсатында "Қазақстанның еңбек сіңірген геологі" жаңа құрметті атағы бекітілген
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің атынан геология саласының мамандарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл Геолог күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атап өтіледі. Ал осы сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалау мақсатында "Қазақстанның еңбек сіңірген геологі" жаңа құрметті атағы бекітілген болатын.
"Биыл еліміздің тарихында алғаш рет геологтерге арналған мемлекеттік награда енгізілді. Бұл – мемлекет басшысының еліміздің экономикалық дамуына қосқан сіздердің үлестеріңізге деген жоғары бағасы. Мамандардың жаңа буынына баға жетпес білім, тәжірибе және кәсіптің үздік дәстүрлерін үйреткен сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз", - деді Бектенов.
"Қазақстанның еңбек сіңірген геологі" құрметті атағының иегерлері:
Марат Битимбаев - Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты ЖШС бас ғылыми қызметкері;
Серікбек Дәукей – ҚР ҰҒА академигі.
"Құрмет" орденімен марапатталғандар:
Хайрлы Әбілхасымов – геология саласының ардагері, Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы);
Әбілқасым Батыров – геология саласының ардагері (Орал қаласы);
Әшірәлі Бижанов – геология саласының ардагері (Алматы);
Жуков Николай - Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты ЖШС Қара және түсті металдар зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы);
Рахат Кукеева – "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС жетекші геолог-барлаушысы (Абай облысы);
Талғат Мәтішев – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС геология департаменті геологиялық барлау қызметі бас геологінің орынбасары (Қарағанды қаласы);
Бақытгүл Мүсиева – "Geotek" ЖШС жетекші геологі (Қарағанды);
Александр Николаенко – "Қармет" АҚ көмір басқармасы Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның бас геологі (Қарағанды);
Валерий Руснак – еңбек ардагері (Түркістан облысы).
ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін алғандар:
Андрей Светличный – "Professional Geo Solutions Kazakhstan" ЖШС бас геофизигі (Алматы қаласы).
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:
Ақмарал Байсалова – "Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті", Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының доценті (Алматы);
Гүлшат Исмаилова – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ геологиялық барлау басқармасының геология бөлімінің бастығы (Маңғыстау облысы);
Наталья Комарова – "Центргеолсъемка" ЖШС геологі (Қарағанды қаласы);
Ерғали Құрабаев – "Ақпан" ЖШС бұрғылау шебері (Ақтөбе қаласы);
Назигүл Минаева – "Геологиялық барлау колледжі" ҚМКҚ директоры (Семей қаласы);
Саида Нығматова – "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мезозой және кайнозой геология зертханасының меңгерушісі (Алматы қаласы).