https://sputnik.kz/20250405/nysana-kozdeuden-alem-kubogynda-qazaqstan-qorzhynyna-algashqy-zhulde-tusti-52246122.html
Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
Sputnik Қазақстан
Арина Алтухова Буэнос-Айрестегі әлем кубогының қола жүлдегері атанды 05.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-05T17:42+0500
2025-04-05T17:42+0500
2025-04-05T17:42+0500
бразилия
чемпионат
жарыс
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52245962_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_a8e7d82a8046924b3608bc6880a452ef.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бүгін Аргентина астанасы Буэнос-Айресте нысана көздеуден өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.Әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Арина Алтухова қола медаль жеңіп алды. Ол іріктеуде 588 ұпай жинап, 3-сатыға тұрақтаған. Ал ақтық сында 445.9 ұпаймен жалпы есепте 3-сатыны сақтап қалды. Алтын Үндістан, күміс Германия спортшысының еншісінде.Арина финалда жасөспірімдер, ересектер арасындағы әлем чемпионы және жүлдегерлерінен, Олимпиадаға қатысқан мергендерден басым түсті.Тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (миксте) Александра Ле бұл жаттығуда 12-орыннан көрінді (584 ұпай).Сондай-ақ София Шульженко 14-ші (583 ұпай), Елизавета Безрукова 24-сатыда.Буэнос-Айрестегі әлем кубогының кезеңі 11 сәуірде аяқталады.
https://sputnik.kz/20250303/strandzha-kubogy-zhulde-reytinginde-qazaqstan-kosh-bastap-tur-51295020.html
бразилия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52245962_61:0:1020:719_1920x0_80_0_0_3752ad926078892b8494d44f35e56886.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бразилия, чемпионат, жарыс
бразилия, чемпионат, жарыс
Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
Арина Алтухова Буэнос-Айрестегі әлем кубогының қола жүлдегері атанды
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бүгін Аргентина астанасы Буэнос-Айресте нысана көздеуден өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Арина Алтухова қола медаль жеңіп алды. Ол іріктеуде 588 ұпай жинап, 3-сатыға тұрақтаған. Ал ақтық сында 445.9 ұпаймен жалпы есепте 3-сатыны сақтап қалды. Алтын Үндістан, күміс Германия спортшысының еншісінде.
Арина финалда жасөспірімдер, ересектер арасындағы әлем чемпионы және жүлдегерлерінен, Олимпиадаға қатысқан мергендерден басым түсті.
Тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (миксте) Александра Ле бұл жаттығуда 12-орыннан көрінді (584 ұпай).
Сондай-ақ София Шульженко 14-ші (583 ұпай), Елизавета Безрукова 24-сатыда.
Буэнос-Айрестегі әлем кубогының кезеңі 11 сәуірде аяқталады.