"Странджа кубогы": жүлде рейтингінде Қазақстан көш бастап тұр
08:54 03.03.2025 (жаңартылды: 09:04 03.03.2025)
© Photo : Комитет по делам физкультуры и спортаҚазақстандық боксшылар Болгариядағы турнирде жеңімпаз атанды

© Photo : Комитет по делам физкультуры и спорта
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18 медаль жеңіп алған
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Бокстан Болгарияда өткен 76-шы "Странджа кубогы" халықаралық турнирінде жүлде рейтингінде Қазақстан көш бастап тұр, деп хабарлады спорт комитеті.
Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы жүлде алудан ең үздік көрсеткішті жаңартты. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы 2 алтын, 2 күміс,5 қола медаль болған.
Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18 медаль жеңіп алған. Олар:
63,5 келі - Ертуған Зейнуллинов
67 келі - Төрехан Сабырхан
71 келі - Аблайхан Жүсіпов
75 келі - Сабыржан Аққалықов
86 келі - Бекзад Нұрдәулетов
51 келі - Даниал Сәбит
54 келі - Тимур Қабдешов
60 келі - Серік Теміржанов
63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі - Фарух Тоқтасынов
75 келі - Тимур Нұрсейітов
80 келі - Ерасыл Жақпеков
86 келі - Нұрбек Оралбай
+92 келі - Айбек Оралбай
48 келі - Теміртас Жүсіпов
57 келі - Оразбек Асылқұлов
60 келі - Талғат Сырымбетов
92 келі - Данияр Рахымбердинов
Жүлде рейтингісі (ерлер):
Қазақстан - 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль
Өзбекстан - 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль
Болгария - 2 алтын, 3 қола медаль
Түркия - 1 алтын медаль
Ирландия - 4 қола медаль
Әзербайжан - 2 күміс, 2 қола медаль
Грекия - 1 күміс медаль
Франция - 1 қола медаль
Косово - 2 қола медаль
Грузия - 2 қола медаль
Италия - 1 қола медаль
Израиль - 1 қола медаль
Англия - 2 қола медаль
Аустрия - 1 қола медаль
Қытай - 1 қола медаль
Биылғы "Странджа" кубогынде Болгария жерінде 20 мемлекеттің боксшысы жүлдеге таласты. Аталмыш турнирдің тарихында елімізден рекордты 25 боксшы бақ сынады. Болгария 19 спортшысын, Өзбекстан 17 өкілін қосты.