Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қалай жүріп жатыр

© Photo : Национальная гвардия КазахстанаНацгвардия приступила к активной фазе подготовки к Параду Победы в Астане
Нацгвардия приступила к активной фазе подготовки к Параду Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Далалық лагерьде дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды:
203 тұрғын үй шатыры,
11 шаруашылық тірек пункті,
тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 12 шатыр,
жеті дала монша кешені,
далалық аурухана,
көлік паркі мен жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылды.
Парадқа қатысушылардың дені қазірдің өзінде елордаға келіп, барлық бөлімшенің біртұтас күшіне біріктіріліп, қарқынды жаттығуларға кірісті.
Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.
Министр обороны Руслан Жаксылыков проверил ход подготовки к параду, посвященному 80-летию Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын
Жаңалықтар
0