https://sputnik.kz/20250328/qazaqstan-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-paradqa-qatysushylardy-qabyldauga-100-dayyn-52010435.html
Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын
Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T20:49+0500
2025-03-28T20:49+0500
2025-03-28T20:49+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
9 мамыр – жеңіс күні
әскери парад
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/52005794_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_daf3fdab6959c1971cc1bbc88ad4da61.jpg.webp
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатын әскери қызметшілер мен техникалар орналасқан далалық лагерьлерді аралады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Министрлік парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын екендерін мәлімдеді."Парадқа дайындық басталғалы көп уақыт болды. Әскери бөлімдерде іріктеу жұмыстары мен сабақтар өткізілді. Қазір техника мен жеке құрамды үйлестіру және бірлескен жаттығулар үшін Астанаға жеткізу іске асырылып жатыр", – деді Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев.Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.Парад есептоптарының негізгі құрамын Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты саптық шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің лектері де қатысады.
https://sputnik.kz/20250327/uly-zheniske-80-zhyl-astanaga-askeri-paradqa-qatysushylardyn-algashqy-legi-keldi-51950507.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/52005794_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_9b7f8b9418511bfce4adf96f8464294c.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
9 мамыр – жеңіс күні, әскери парад, қорғаныс министрлігі
9 мамыр – жеңіс күні, әскери парад, қорғаныс министрлігі
Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатын әскери қызметшілер мен техникалар орналасқан далалық лагерьлерді аралады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Бөлімнің аумағында екі апта ішінде 5000 адамға арналған шатырлы қалашық орналастырылды. Қазіргі уақытта мұнда 186 тұрғынжай шатыры, 11 шаруашылық заттарымен жабдықтау пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, жеті далалық монша, далалық госпиталь, автопарк және техникаға арналған жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылған", - делінген хабарламада.
Министрлік парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын екендерін мәлімдеді.
"Парадқа дайындық басталғалы көп уақыт болды. Әскери бөлімдерде іріктеу жұмыстары мен сабақтар өткізілді. Қазір техника мен жеке құрамды үйлестіру және бірлескен жаттығулар үшін Астанаға жеткізу іске асырылып жатыр", – деді Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев.
Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.
Парад есептоптарының негізгі құрамын Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты саптық шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің лектері де қатысады.