https://sputnik.kz/20250327/uly-zheniske-80-zhyl-astanaga-askeri-paradqa-qatysushylardyn-algashqy-legi-keldi-51950507.html
Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді
Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді
Sputnik Қазақстан
Парадқа 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар қатысады 27.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-27T10:51+0500
2025-03-27T10:51+0500
2025-03-27T10:59+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы
жеңіске тағзым
шеру
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51950628_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_648d10a9668cf3b1195e0e4940d28038.jpg
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.Ақтау гарнизонында қызмет етіп жатқан офицерлер, сержанттар және мерзімді қызметтің 160 сарбазы елордадағы Қазақ елі алаңында өтетін салтанатты шеруде сап түзейді.Теңіз жаяу әскері елордада уақытша орналасатын жерге жеткізілді.Айта кету керек, әскери шеруге қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 4000-нан аса қызметшісі қатысады. Оның ішінде 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар да бар. Сондай-ақ парадқа 200-ден аса әскери техника мен авиация қатысады.
https://sputnik.kz/20250223/astanada-askeriler-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-sogys-zhyldaryndagy-anderdi-shyrqady-51110415.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51950628_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_b50ce0af9de14ebd3b0a43448f376c30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, жеңіске тағзым, шеру
ұлы отан соғысы, жеңіске тағзым, шеру
Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді
10:51 27.03.2025 (жаңартылды: 10:59 27.03.2025) Парадқа 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар қатысады
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери
парадқа қатысады.
Ақтау гарнизонында қызмет етіп жатқан офицерлер, сержанттар және мерзімді қызметтің 160 сарбазы елордадағы Қазақ елі алаңында өтетін салтанатты шеруде сап түзейді.
"Парадқа қатысушылар барлық жағынан мұқият іріктеуден өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Өйткені әскери шеру – бейбітшілік үшін өз жандарын құрбан еткен батырларға деген құрмет, – дейді теңіз жаяу әскері бригадасы командирінің орынбасары Берік Алманиязов.
Теңіз жаяу әскері елордада уақытша орналасатын жерге жеткізілді.
Айта кету керек, әскери шеруге қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 4000-нан аса қызметшісі қатысады. Оның ішінде 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар да бар.
Сондай-ақ парадқа 200-ден аса әскери техника мен авиация қатысады.