https://sputnik.kz/20250404/toqaev-astana-hub-bazasynda-innovatsiyalyq-kampus-ashudy-usyndy-52205243.html
Тоқаев Astana Hub базасында инновациялық кампус ашуды ұсынды
Тоқаев Astana Hub базасында инновациялық кампус ашуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазір елімізде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама басталды 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T14:24+0500
2025-04-04T14:24+0500
2025-04-04T14:24+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52198130_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8d5e1999236702399086eba8c34ec73e.jpg.webp
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінде цифрлық технология мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша тоқталды, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша Қазақстан аталған салаларға инвестицияны арттырды. Жыл басында Президент жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды.Еуропа Одағы Team Europe бастамасы арқылы Орталық Азия елдеріне цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты өркендетуге көмек көрсетіп келеді."Қазақстан бұл бағытта тәжірибе алмасуға дайын. Осы орайда Astana Hub базасында "Орталық Азия – Еуропа Одағы" инновациялық кампусын ашуды ұсынамын", – деді президент.Мемлекет басшысы Еуропа Одағы еліміздің ғылым және білім саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті."Мемлекеттеріміз Erasmus+, Horizon Europe бағдарламалары және тағы да басқа бастамалар аясында ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Қазақстанда отыздан астам шетелдік университеттің бөлімшелері ашылды. Бұл елімізде академиялық білімнің өркен жаюына ықпал етеді. Біз гранттар мен стипендиялар санын көбейтуге мүдделіміз. Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға басымдық беретін "Орталық Азияға арналған Erasmus+" бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз", – деді Тоқаев.Президент жаһандық тұрақсыздық шиеленісе түскен кезеңде әлемдегі күрделі оқиғаларға баға беруде барынша байыптылық танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.Сондай-ақ ол барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді. Ұйымның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.
https://sputnik.kz/20250404/toqaev-qazaqstan-ekologiyalyq-taza-otyn-zhobalaryn-zhuzege-asyruga-kiristi-52199944.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52198130_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_663996b2e48711f20a00d3c9ac72b498.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Astana Hub базасында инновациялық кампус ашуды ұсынды
Қазір елімізде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама басталды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінде цифрлық технология мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша Қазақстан аталған салаларға инвестицияны арттырды. Жыл басында Президент жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды.
"Қазір елімізде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама басталды. Астанада Alem.ai жоғары технологиялар орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол инновацияны енгізумен, стартаптарды қолдаумен және осы салада зерттеулер жүргізумен айналысады. Бұдан бөлек, біз жасанды интеллект саласының дамуын жеделдету үшін Венчурлік қорды іске қостық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еуропа Одағы Team Europe бастамасы арқылы Орталық Азия елдеріне цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты өркендетуге көмек көрсетіп келеді.
"Қазақстан бұл бағытта тәжірибе алмасуға дайын. Осы орайда Astana Hub базасында "Орталық Азия – Еуропа Одағы" инновациялық кампусын ашуды ұсынамын", – деді президент.
Мемлекет басшысы Еуропа Одағы еліміздің ғылым және білім саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.
"Мемлекеттеріміз Erasmus+, Horizon Europe бағдарламалары және тағы да басқа бастамалар аясында ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Қазақстанда отыздан астам шетелдік университеттің бөлімшелері ашылды. Бұл елімізде академиялық білімнің өркен жаюына ықпал етеді. Біз гранттар мен стипендиялар санын көбейтуге мүдделіміз. Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға басымдық беретін "Орталық Азияға арналған Erasmus+" бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз", – деді Тоқаев.
Президент жаһандық тұрақсыздық шиеленісе түскен кезеңде әлемдегі күрделі оқиғаларға баға беруде барынша байыптылық танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Сондай-ақ ол барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді. Ұйымның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.