https://sputnik.kz/20250404/toqaev-qazaqstan-ekologiyalyq-taza-otyn-zhobalaryn-zhuzege-asyruga-kiristi-52199944.html
Тоқаев: Қазақстан экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті
Тоқаев: Қазақстан экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
Президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T12:04+0500
2025-04-04T12:04+0500
2025-04-04T12:07+0500
қасым-жомарт тоқаев
экология
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52198174_0:71:1280:791_1920x0_80_0_0_773eca1012e8833aa3b86f96319e4652.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда. Президент, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән берген жөн деп санайды. Оның айтуынша, Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын.Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық компанияларды осындай жаңа жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.Оның айтуынша Қазақстан жаңартылатын қуат көздері мен экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен бірге жел, күн электр стансаларының қуатын арттырып, "жасыл" сутегі өндірісі жобасын қолға алды. Бұдан бөлек, Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжан елдерімен бірлесіп, "жасыл" энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін біртұтас электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастады.Бүгінде Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт, вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар.Президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Аталған ғылыми мекеме кәсіпорындар мен инвесторларды игеруге болатын кеніштер, технологиялардың дамуы туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысы Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасында тиімді жеткізу тізбегі қалыптасқан транзит торабына айналуға мүмкіндігі бар деп санайды. Қазақстан декарбонизация бастамаларын белсенді жүзеге асырып келеді. Президент еліміздің әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқаратынын айтты. Өткен жылы Қазақстанда Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Жобалық кеңсе ашылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52198174_66:0:1214:861_1920x0_80_0_0_8a25434e54a93d5ecf65ed49eaf6e7b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, экология
қасым-жомарт тоқаев, экология
Тоқаев: Қазақстан экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті
12:04 04.04.2025 (жаңартылды: 12:07 04.04.2025) Президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Президент, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән берген жөн деп санайды. Оның айтуынша, Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық компанияларды осындай жаңа жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.
"Қазақстан – Еуропаға көмірсутегін жеткізетін сенімді серіктестердің бірі. Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданады. Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр. Біз мұны жоғары бағалаймыз", – деді президент.
Оның айтуынша Қазақстан жаңартылатын қуат көздері мен экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен бірге жел, күн электр стансаларының қуатын арттырып, "жасыл" сутегі өндірісі жобасын қолға алды. Бұдан бөлек, Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжан елдерімен бірлесіп, "жасыл" энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін біртұтас электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастады.
Бүгінде Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт, вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар.
Президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Аталған ғылыми мекеме кәсіпорындар мен инвесторларды игеруге болатын кеніштер, технологиялардың дамуы туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасында тиімді жеткізу тізбегі қалыптасқан транзит торабына айналуға мүмкіндігі бар деп санайды.
"Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнер арқылы тасымалданған жүк көлемі 62 пайызға артып, 4,5 миллион тоннаны құраған. 2027 жылға қарай жүк көлемін он миллион тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия өңіріндегі орнықты көлік байланысының дамуына оң септігін тигізіп отырған Global Gateway стратегиясына қолдау білдірді", - деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан декарбонизация бастамаларын белсенді жүзеге асырып келеді. Президент еліміздің әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқаратынын айтты. Өткен жылы Қазақстанда Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Жобалық кеңсе ашылды.