Ресей Қазақстанның цифрландыру деңгейін жоғары бағалады

© Sputnik / Владислав ВодневБанковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото
Банковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Халықтың 80 проценті цифрлық қызметтерді пайдаланады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ресей үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Григоренко Қазақстандағы цифрландыру жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Григоренко Қазақстанға сапармен келді. Бүгін ол премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесті. Тараптар цифрландыру мәселесін талқыланды.
"Қазақстан посткеңестік аймақта ғана емес, жалпы әлем бойынша цифрландыру жұмысын өте жақсы атқарып жатыр. Бұл жерде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін цифрлық форматта алуға болады. Электронды құжаттар да бұрыннан бері қолданылады. Халықтың 80 проценті цифрлық қызметтерді пайдаланады. Қолма-қол ақшаны да көп ұстамайды, бәрін электронды түрде төлейді. Бұның бәрі Қазақстандағы цифрландыру деңгейінің өте-өте жоғары екенін көрсетіп отыр",-деді Григоренко журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда Ресей премьерінің орынбасары өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
"Қазақстанда да, Ресейде де жақсы шешімдер бар. Онымен өзара алмаса аламыз. Себебі цифрландыру көп нәрсені жеңілдетеді, сондай-ақ бюрократияға қарсы ең тиімді құрал болып саналады. Бүгінде кез келген елде цифрландырудың басты мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасын барынша арттыру", - деп атап өтті Григоренко.
Оның айтуынша, Ресейде 1 600-ден астам мемлекеттік қызмет цифрлық форматқа ауыстырылған.
"Ол жағынан Қазақстаннан көріп алатын нәрселер бар, өзіміз де тиімді шешімдерді ұсына аламыз",-дейді Григоренко.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Цифрландыру арқылы артық шығындарды азайту қажет – Бектенов
Жаңалықтар
0