Ішкі істер министрлігі бірнеше қалада 13 заңсыз мал сою цехын анықтады

© Sputnik / Абзал КалиевЖертвоприношение на Курбан айт
Жертвоприношение на Курбан айт - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
11-31 наурыз аралығында кезекті рет республикалық кең ауқымды "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі үш қалада 13 заңсыз мал сою цехын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 54 мыңнан астам мал тасымалдаған автокөлік, 17 мыңнан астам сатып алу орындары, 28,5 мың шаруа қожалығы және фермалар тексерілді.
"Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 13 заңсыз мал сою цехтары анықталды. Полиция 131 адамның мал ұрлығына қатысы барын анықтады. Сонымен қатар 26 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Жалпы мал ұрлығының 135 дерегі ашылып, 580-нен астам жануар иелеріне қайтарылды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталды. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған. Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 бас ұсақ малды қолды еткен. Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқыны ұрлап әкеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды.
Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы жылы мал ұрлығы 26%-ға пайызға төмендеді.
Мясная продукция - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Жалған мөр соққан: елордада тиісті тексеруден өткізілмеген ет сатылған
Жаңалықтар
0