Жалған мөр соққан: елордада тиісті тексеруден өткізілмеген ет сатылған

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуМясная продукция
Мясная продукция - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Астана базарларының бірінде жалған ветеринариялық мөрлері бар ет сатылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласының полиция қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен қала базарларының бірінде етті кедергісіз өткізу үшін жалған мөрді пайдаланғандарды анықтады.

"Ұсталған сатушыдан жеке тексеру кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларына олардың ветеринариялық бақылауын растайтын мөрдің жалған екені анықталды. Ұсталған адамның ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ және зертханалық зерттеулер жүргізген жоқ", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Астана қаласында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберілді және ет өнімдерін сатуға байланысты нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
"Ұсталғандарға және базар әкімшілігіне қатысты мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар, жоғы анықталып, тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция.
Фестиваль Согым Fest в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Соғым FEST: Астанаға төрт өңірдің фермерлері 100 тоннадан астам ет әкелді
Жаңалықтар
0